Астанада арнайы тактикалық оқу-жаттығуы өтеді

Астанада арнайы тактикалық оқу-жаттығуы өтеді
Фото: Мемлекеттік күзет қызметі

21 маусымда Астанада күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ведомствоаралық кешенді арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқу-жаттығу кезінде Индустриялық парк аумағында қозғалысқа уақытша шектеу қойылады

Іс-шара сағат 08:00-ден 15:00-ге дейін елордадағы №1 индустриялық парк аумағында ұйымдастырылады. Оқу-жаттығу барысында Индустриялық парк аумағында автокөліктер мен жаяу жүргіншілер қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

«Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан өткізіліп жатқан іс-шараға түсіністікпен қарау, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындау, тек ресми ақпарат көздеріне сену және жалған ақпарат таратпау сұралады», - делінген хабарламада.