Астанада алғаш рет PROD хакатоны өтеді

Астанада алғаш рет PROD хакатоны өтеді

2026 жылғы 13-15 қарашада Астанада алғаш рет өнеркәсіптік әзірлеу бойынша PROD халықаралық олимпиадасының хакатоны өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

PROD – Орталық университет ұйымдастыратын өнеркәсіптік әзірлеу бойынша әлемдегі алғашқы халықаралық олимпиада. Мұнда қатысушылар бизнес тапсырмаларды орындап, тәжірибелі менторлардан кеңес алады. Сондай-ақ IT саласына қызығатын жаңа ортамен танысып, өнеркәсіптік бағдарламалау бойынша тәжірибе жинайды. PROD олимпиадасы осы уақытқа дейін 30-дан астам елде өтіп, 10 мың қатысушының басын қосқан. Биыл елордамызда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Іс-шараға Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің өкілдері де қатысады.

Хакатон – 8-12-сынып оқушылары мен колледж студенттері үшін IT саласы өздеріне қаншалықты қызық екенін түсінуге және өздерін маман ретінде сынап көруге үлкен мүмкіндік.

Қатысушылар команда құру арқылы үш күн ішінде нақты бизнес тапсырмаларды орындайды. Сонымен қатар тәжірибелі менторлардың көмегімен жоба әзірлейді. Сайысқа қатысу үшін мектеп қабырғасындағы білім жеткілікті. Ең бастысы – жобаға деген қызығушылық.