Астанада өтіп жатқан «Жауапты әке – тұрақты қоғамның тірегі» атты қалалық әкелер форумында «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің елордалық филиалының бір жылдық қызметінің қорытындысы таныстырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Астанада өтіп жатқан «Жауапты әке – тұрақты қоғамның тірегі» атты қалалық әкелер форумында «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің елордалық филиалының бір жылдық қызметінің қорытындысы таныстырылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Форумда елордалық филиалдың төрағасы Бекдайыр Күзембай баяндама жасады. Оның айтуынша, өткен бір жыл ішінде отбасы институтын нығайту, жауапты әке ұғымын насихаттау және ата-аналарды тәрбие үдерісіне тарту бағытында бірқатар жұмыс атқарылған.
Ұйымның негізгі бағыттары ретінде түсіндіру шаралары, мектептермен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл, сондай-ақ ата-аналардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған бастамалар аталды.
Баяндама барысында алдағы міндеттер де айқындалды. Олардың қатарында әкелер қозғалысын дамыту, әлеуметтік жобаларды кеңейту және жасөспірімдер арасында профилактикалық жұмыстарды күшейту бар.
«Бір жыл ішінде Астанадағы «Әкелер одағы» 15 мыңнан астам әкені және 60 мың оқушыны қамтыды. «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында біз «Әкелер мектептерін» іске қосып, 200-ге жуық қалалық іс-шара өткіздік. Олардың қатарында ашық кездесулер мен «Таза Қазақстан» экологиялық акциялары бар. Ұлы Абай айтқандай, баланың мінезі әке үлгісімен қалыптасады. Бүгінде елордалық әкелер мектеп өміріне белсене араласып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге үлес қосып жүр», – деді Бекдайыр Күзембай.