Қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері ауқымды ақпараттық-профилактикалық акция өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Рейд барысында құтқарушылар ауданның тұрғын үй алқаптарын аралап, көпқабатты тұрғын үйлердің лифтілеріне жарқын, көрнекі жадынамалар мен жапсырмалар орналастырды. Акцияның басты мақсаты – ата-аналарға балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алуға көмектесетін қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар қауіпсіздік ережелерін күнделікті еске салып отыру.
Бұл бағыттағы жұмыс Департамент басшылығының ерекше бақылауында және елорданың барлық тұрғын үй алқаптарында тұрақты негізде жалғасуда.