Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті табиғи монополиялар субъектісінің міндеттемелерін, атап айтқанда инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындау шеңберінде «Астана-Теплотранзит» АҚ объектілері бойынша БАҚ және қоғам өкілдері үшін 2026 жылғы 15 қыркүйекте баспасөз турын өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Объектілерге шығу үшін жиналу уақыты мен мекен-жайы: 2026 жылғы 15 қыркүйекте сағат 09:50-де, Астана қаласы, А. Петров көшесі, 5.
Осыған орай, Департамент аталған іс-шараға қалалық мәслихаттың депутаттарын, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, тәуелсіз сарапшылардың, бұқаралық ақпарат құралдарының және өзге де мүдделі тұлғалардың өкілдерін қатысуға шақырады.
«Астана-Теплотранзит» АҚ баспасөз турына қатысуға ниет білдірушілерден тізімдерді қалыптастыру және орындарды қамтамасыз ету үшін қатысу туралы ақпаратты (Т.А.Ә., байланыс телефоны) ағымдағы жылғы 14 қыркүйек сағат 15:00-ден кешіктірмей dara3003@mail.ru электрондық мекен-жайына жолдауды сұраймыз.
Қосымша сұрақтар бойынша телефон арқылы хабарласуға болады: 8 (7172) 57-50-25.