Астана қаласы Полиция департаменті, «Астана медицина университеті», «Астана жастары» өкілдері жастармен жүздесті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Жаңа оқу жылының басталуына байланысты елордада жастар арасында есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу бағытындағы полицияның кешенді жұмысы күшейтілді. Әсіресе жоғары оқу орындарында білім алуды енді бастап, жаңа білім беру және әлеуметтік ортаға бейімделіп жатқан бірінші курс студенттеріне ерекше көңіл бөлді.
Алғашқы іс-шаралардың бірі «Астана медицина университетінің» студенттерімен кездесу болды. Бірінші курс студенттері үшін полиция қызметкерлері есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алуға, сондай-ақ өз денсаулығы мен қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған дәріс өткізіп, интерактивті профилактикалық алаң ұйымдастырды.

Іс-шараға Есірткі құқық бұзушылықтарына қарсы іс-қимыл комитетінің, елордалық Полиция департаментінің басшылық құрамы және Астана қаласы ПД жанындағы Есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес мүшелері қатысты.
Студенттер үшін сондай-ақ картиналар көрмесі, ашық микрофон, ІІМ қару-жарақ көрмесі ұйымдастырылып, Полиция департаменті Кинологиялық қызмет орталығының және СОБР қызметкерлерінің көрсетілімдік қойылымдары ұсынылды.
Іс-шараның басты мақсаты – жастарға есірткі құқық бұзушылықтарының құқықтық салдары туралы ақпарат беру ғана емес, сонымен қатар заманауи әрі интерактивті форматтар арқылы салауатты және белсенді өмір салтын ұстанудың мүмкіндіктерін көрсету.

Жастармен профилактикалық жұмыс оқу жылы бойы жалғасып, елорданың білім беру ұйымдарын қамтиды.
Сонымен қатар, Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы полиция полковнигі Бақытжан Қадырбеқұлы ой-пікір білдірді.
– Әл-Фараби бабамыз «тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» дейді. Сондықтан білім мен еңбек бәрінен маңызды. Қазіргі цифрлық даму заманында жеке есеп-шот картаны, деректерді бөтен біреуге болмайды. Бүгінде алаяқтықтың түрлі құйтырқы іс-әрекеттерінен сақ болуға тиіспіз. Жеңіл ақша табу опа әпермейді. Ұлы дәрежеге жеткен әлемге әйгілі боксшы Майк Тайсонның өзі тынбай еңбегінің арқасында жеткен. Есті алар есерліктен сақ болу қажет. Мұның жауапкершілігі ауыр. Жастар жас кезде оқып, дамып, үлкен жетістіктерге жетсе өзіне де, елге де кәде, – ол.