Әскерге дайынсың ба, азамат?

Әскерге дайынсың ба, азамат?
фото: Астана қаласының әкімдігі

Президент Жарлығына сәйкес елімізде қалалық және аудандық шақыру комиссиялары күзгі әскерге шақыру науқанын бастады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

2026 жылдың желтоқсан айының соңына дейін әскерден кейінге қалдыруға немесе әскери қызметтен босатылуға негізі жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы 23 000-ға жуық ер-азамат мерзімді әскери қызметке шақырылады. Олардың ішінде 12 000-нан астам адам – Қарулы күштер, 7 000 – Ұлттық ұлан, 3 000 – ҰҚК Шекара қызметі, 400-ден астам адам – Төтенше жағдайлар министрлігі, 300-ге жуығы Мемлекеттік күзет қызметі қатарын толықтыратын болады.

«Цифрлық шақыру» жүйесі мен «Smart военкомат» жобасының арқасында әскерге шақыру және әскери есепке алу қызметтерінің басым бөлігі проактивті форматта көрсетіледі.