ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті
жалпыға бірдей белгіленген режімде жұмыс істейтін және өзінің салық міндеттемелерін оңтайландыратын салық төлеушілерге байланысты әкімшілендіру ісін жалғастырып келеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Айталық, қазір мемлекеттік бюджетке 27 млрд теңгеден астам қаражат төленді. Оның ішінде құрылыс компанияларынан – 16,5 млрд теңге, сауда ұйымдарынан - 2,8 млрд теңге, қызмет көрсету саласы бойынша – 2,1 млрд теңге, сондай-ақ басқа салалардан – 5,6 млрд теңге түсті. Бұл ретте осы бағыттағы жұмыс жалғасып жатқанын айта кетейік.
Бұдан бөлек МКК нақты шығындар мен кірістерді салыстыру мақсатында ірі премиум санатындағы фитнес-клубтар мен мейрамханалар сегментінде хронометражды тексеруді бастауға кірісті.