2026 жылғы 25–27 қыркүйек аралығында Ақтау қаласында халықаралық «Каспий – достық теңізі» фестивалі өткізіледі. Фестиваль бағдарламасы аясында халықаралық ән байқауы ұйымдастырылып, Ақтау қаласының туған күніне орай қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік гала-концерт өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Бағдарлама аясында 25 қыркүйек – халықаралық «Каспий – достық теңізі» эстрадалық вокал фестиваль-байқауының салтанатты ашылуы өтеді. Өтетін орны: 15 ш/а «Амфитеатр» алаңы. Уақыты: 19:00

26 қыркүйекте байқаудың конкурстық бағдарламасы 4А ш/а «Жартасты соқпақ» алаңында сағат: 17:00- де болады.
27 қыркүйекте фестиваль-байқаудың жабылу салтанаты және Ақтау қаласының туған күніне арналған мерекелік гала-концерт өтеді. Кештің жұлдыздары қатарында Лұқпан Жолдасов, Тамара Асар, Raim, Маржан Арапбаева және Жанар Дұғалова бар. Өтетін орны: 15 ш/а «Амфитеатр» алаңы.
Уақыты: 19:00.