Алматы ауданында сайлау учаскелері жұмысын бастады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Аудан бойынша таңертеңгі сағат 7-ден бастап 76 учаске жұмыс істейді.
Естеріңізге сала кетейік, Астана тұрғындары өздерінің учаскелерін 3 тәсілмен онлайн біле алады:
— sailau.astana.kz сайтынан;
— @sailau_astana_bot Telegram-боты арқылы;
— iKomek бірыңғай байланыс орталығының 109 нөмірі арқылы.

Аудандағы сайлау учаскелерінде алғашқы дауыс берген тұрғындарға сыйлықтар табысталды
Алматы ауданының тұрғындары таңертеңнен бастап сайлау учаскелеріне белсенді түрде келіп, өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдіруде және маңызды қоғамдық-саяси оқиғаға қатысуда.
Ауданның сайлау учаскелерінде тұрғындарға тосынсыйлар дайындалды. Алғашқы болып дауыс берген азаматтарға, сондай-ақ кәмелеттік жасқа енді толып, алғаш рет дауыс беруге қатысып отырған жастарға естелік сыйлықтар табысталуда.
Жалпы, аудандағы сайлау учаскелерінде тұрғындарға арнап 1000-нан астам сыйлық дайындалды.