Mobile Legends бойынша әлемнің ең мықты Bang Bang (MLBB) командалары The Games of the Future 2026 Astana powered by Samruk-Kazyna халықаралық турниріне қатысады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
MOBA Mobile жарысында жеңіске жету үшін әлемнің үздік 16 командасы бақ сынайды. Қатысушылар арасында Spirit Team, Aurora Gaming, Selangor Red Giants, Falcons Team, ONIC және Bigetron by Vitality бар. Жарыс 6-9 тамыз аралығында Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді. Көрермендерді шиеленісті матчтар, командалық өзара әрекеттестіктің жоғары деңгейі, тактикалық қақтығыстар және турнир жеңімпазы атағы үшін әлемдегі ең мықты ойыншылардың күресі күтеді.
Жарыс билеттері Freedom Ticketon платформасында қол жетімді.