"Қазгидромет" синоптиктері Астанада алдағы үш күнде - 29, 30 сәуір және 1 мамырда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Астанада 29 сәуір көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік бағыттағы желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +2...+4 градус, топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді, күндіз +21...+23 градус.
30 сәуір көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде +6...+8 градус, күндіз +24...+26 градус.
1 мамырда көшпелі бұлтты, күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +9...+11 градус, күндіз +25...+27 градус.