"Әйел өмірі үшін" барлығы жасалады

"Әйел өмірі үшін" барлығы жасалады
фото: Астана қаласының әкімдігі

Қазақстанда «Әйел өмірі үшін» сүт безі обыры туралы ақпараттандыру айлығы басталды. Осыған орай арнайы брифинг өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Спикерлер қатарында Құрылтай депутаттары, «Әділет» партиясы фракциясының мүшелері Шолпан Каринова, Арман Жансеңгіров, Жұлдыз Данбаева, онколог-маммолог Данара Сүлейменова және дәрігер-сарапшы Жанерке Ажетова бар. 

Брифингке қатысушылар журналистерге әйелдердің бейінді консультацияларды қайда және қалай алатыны, тегін скринингтен қай жерде өтетіні, сондай-ақ осы айда қандай медициналық қолдау түрлері қарастырылғаны туралы құнды ақпараттармен бөлісті. Мамандар қазан айында ел аумағындағы емханаларда ашық есік күндері ұйымдастырылатын айтты. Ауруына шипа іздегендер онколог дәрігерлермен кездесе алады. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, өзін-өзі тексеру әрекеті дәрігердің толыққанды тексеруін алмастыра алмайды. Алайда, елімізде 40-76 жас аралығындағы әйелдер үшін тегін скрининг қарастырылып отыр. 

«Басты мақсат – әйелдерге өз денсаулығына мұқият қараудың және мамандарға уақтылы жүгінудің маңызын еске салу. Біз сүт безі обыры туралы үрей туғызбай, түсінікті әрі жауапты түрде сөйлескіміз келеді. Бұл ретте сенімді ақпаратқа және заманауи медицина мүмкіндігіне баса назар аударылады», – деді жоба бастамашылары. 

Мамандар ауылдар мен шалғай аудандардың тұрғындарын ақпараттандыру ісіне ерекше мән беріп отыр.

- Қоғамның назарын осы мәселеге аудару үшін еліміздің барлық  өңірлерінде 120 қоғамдық ғимарат әр күні кешкі сағат 19:00-20:00 аралығында қызыл түспен жандырылып, осы мәселеге назар аударатын болады. Сонымен қатар 218 лэдэкран жұмыс жасап, бильбордтар ілінеді. 250 қоғамдық көліктің ішінде сүт безі обыры туралы ақпараттар жарияланады, -деді «Әділет» партиясы фракциясының мүшесі, Құрылтай депутаты Шолпан Каринова.