Айбек Оралбай Азия ойындарының чемпионы атанды

Айбек Оралбай Азия ойындарының чемпионы атанды
фото: Астана қаласының әкімдігі

Елордалық боксшы, әлем чемпионы Айбек Оралбай Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды,  деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

90 келіден жоғары салмақтағы финалдық жекпе-жекте Айбек Оралбай Өзбекстан өкілі Жахонгир Зокировпен кездесті. Жекпе-жектің алғашқы минуттарынан бастап боксшылар ширақтығымен көзге түсті. Кездесу барысында қазақстандық спортшы дәл соққыларының арқасында басымдыққа ие болды.

Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан 5:0 есебімен Айбек Оралбайды жеңімпаз деп таныды. Осылайша, Астана өкілі XX жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды.

Айбек Оралбай алтын медальға жету жолында тағы екі сенімді жеңіске жетті. Ол ширек финалда Қырғызстан спортшысы Мирзакир Кошалиевті 5:0 есебімен жеңсе, жартылай финалда Үндістан өкілі Нарендерді дәл осындай 5:0 есебімен ұтты. Айбек Оралбайдың алтын медалі Қазақстан құрамасының қазіргі Азия ойындарындағы 11-ші алтын медаль болды.