"Әділет" партиясы жалған аккаунттарға сенбеуге шақырды

"Әділет" партиясы жалған аккаунттарға сенбеуге шақырды

Әлеуметтік желілерде «Әділет» партиясының атауын пайдаланып, оның атынан жалған ақпарат тарататын фейк аккаунттар көбейдіОсыған байланысты «Әділет» партиясы азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге үндейді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.  

Партияның барлық өзекті жаңалықтары мен ресми мәлімдемелері тек ресми ресурстарда жарияланады.

Сақ болыңыздар, арандатушылыққа ермеңіздер және таратылып жатқан ақпараттың шынайылығын міндетті түрде тексеріңіздер.