Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша «Адал еңбек» жобасы аясында еңбек адамының беделін арттыруға бағытталған қалалық байқау жарияланды. деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Байқауға БАҚ өкілдері, блогерлер, инфлюенсерлер, цифрлық контент авторлары, тәуелсіз авторлар мен мобилографтар қатыса алады.
Қатысушылар жұмыстарын үш негізгі номинация бойынша ұсынады:
- «Үздік телевизиялық / бейнематериал
- «БАҚ-тағы үздік жарияланым»
- «Үздік цифрлық контент / медиажоба»
Сондай-ақ «Креативті көзқарас», «Трендтегі медиаролик» және басқа да арнайы номинациялар қарастырылған.
Жүлде қоры – 500 000 теңге. Негізгі номинациялар бойынша жеңімпаздарға – 100 000 теңгеден, арнайы номинациялар
бойынша – 50 000 теңгеден беріледі.
Жұмыстарды қабылдау: 7–21 қыркүйек