Абыройлы мамандық иесі

Абыройлы мамандық иесі
фото: видеоскрин

Астана қаласы ТЖД №23 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы Айтахунов Әлішер өз қызметін жауапкершілікпен атқарып келе жатқан жас мамандардың бірі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Әлішер Ахметжанұлы 1999 жылғы 24 желтоқсанда Талдықорған қаласында дүниеге келген. Астана қаласындағы Құрылыс-техникалық колледжін тәмамдап, кейін «Қайнар» академиясында «Құқықтану» мамандығы бойынша жоғары білім алды.

2024 жылғы желтоқсанда азаматтық қорғау органдарына қызметке келіп, №23 өрт сөндіру бөліміне өрт сөндіруші-құтқарушы болып қабылданды.

Құтқарушы қызметі - батылдық пен төзімділікті ғана емес, тәртіптілік пен үнемі ізденісті де талап етеді. Әлішер әрбір тапсырмаға жауапкершілікпен қарап, кәсіби шеберлігін жетілдіруге ұмтылады.

2025 жылдың қыркүйегінде ол отбасын құрып, өміріндегі жаңа белесті бастады. Бүгінде Әлішер үшін қызметтегі жауапкершілік пен отбасындағы жауапкершілік - бір-бірін толықтыратын маңызды құндылықтар.

Ол таңдаған мамандығына адал болып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында өз үлесін қосып келеді.