Абаттандыру талаптарын бұзған ұйым жауапқа тартылды

Абаттандыру талаптарын бұзған ұйым жауапқа тартылды
фото: polisia.kz

Астанада полиция "Таза Қазақстан" бастамасы аясында жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Елордада қоршаған ортаны қорғауға, қала тазалығын сақтауға, абаттандыру қағидаларының орындалуын қамтамасыз етуге және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған "Таза Қазақстан" экологиялық бастамасы аясындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Жыл басынан бері қоғамдық орындарды ластау және абаттандыру талаптарын бұзу фактілері бойынша 38 мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар барысында Астана – Бұқар жырау көшесінде жауапкершілігі шектеулі серіктестік тарапынан қаланы абаттандыру қағидаларын бұзу фактісі анықталды. Аталған дерек бойынша серіктестік басшысына қатысты заң аясында шара қабылданды. Полиция тазалық пен қоғамдық тәртіпті сақтау – әрбір тұрғынның, ұйым мен кәсіпорынның ортақ міндеті екенін еске салады. Белгіленген талаптарды елемеу заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.