6–8 қазанда еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады

6–8 қазанда еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады
фото: Астана қаласының әкімдігі

Қазанның алғашқы аптасы күн суытады: қар, көктайғақ және бұрқасын болжанды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

6–8 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Елдің солтүстік-батысы, солтүстігі мен шығысында жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ пен бұрқасын болуы мүмкін. Республика бойынша жел күшейеді. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті.

Ауа температурасы елдің батысында түнде +2+12°С-қа дейін, күндіз +17+22°С-қа дейін жоғарылайды

Солтүстік-батыста, солтүстікте түнгі ауа температурасы -1-6°С-тан +3+13°С-қа дейін, күндіз 0, +5°С-тан +5+20°С-қа дейін көтеріледі

Шығыста және орталықта түнде ауа температурасы негізінен 0, +7°С, күндіз +2+15°С болады

Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнгі ауа температурасы +2+8°С-тан +5+10°С-қа дейін жоғарылайды, күндіз ауа температурасы +12+17°С-тан +17+22°С-қа дейін жоғарылайды