Елорда педагогтеріне қаржылық қауіпсіздік тақырыбында дәріс өткізілді

Елорда педагогтеріне қаржылық қауіпсіздік тақырыбында дәріс өткізілді

Астана қаласы әкімдігінің 60 мектеп-лицейінің педагогтеріне арналған қаржылық қауіпсіздік бойынша дәріс өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Қаржылық қауіпсіздік - әрбір азаматтың өміріндегі маңызды аспектӘсіресе, халықты алаяқтық схемалардан қорғау мәселесі өткір тұр.

Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті "Заң және тәртіп" мемлекеттік тұжырымдамасын іске асыру бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда.  Департамент қызметкерлері қаладағы 60 мектеп-лицейінің 250 педагогына қаржылық қауіпсіздік бойынша дәріс өткізді.

Іс-шараның мақсаты-халықтың қаржылық қауіпсіздігі мен құқықтық сауаттылығын арттыру. Дәріскер ретінде Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыру-бақылау басқармасы басшысының орынбасары Айсұлу Жалғасова сөз сөйледі.

Кездесу барысында ол қаржы пирамидаларының тұзағына түспеу жолдарын, алаяқтық схемаларға тарту тәсілдерін, сондай-ақ қаржылық тәуекелдерді тану, жеке деректерді қорғау және заңсыз операцияларға қатысқаны үшін заңды жауапкершілікті түсіну қаншалықты маңызды екенін егжей-тегжейлі түсіндірді.

Соңында мектеп директоры департамент қызметкерлеріне осындай іс-шараларды өткізгені үшін алғысын білдірді. Мамандар азаматтарды қырағылық пен сақтық танытуға, алаяқтардың айла-амалдарына берілмеуге және күдікті әрекеттер туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға шақырады.