1892 жылы 28 қазан күні Парижде Эмиль Рейно есімді суретші алғаш рет қозғалыстағы суреттерді көрсететін «праксиноскоп» аппаратын таныстырды. Бұл құрылғы қазіргі мультфильмдердің шығуына себепкер болды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
1967 жылы қазақ анимациясының тарихы «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» атты тұңғыш фильмінен бастау алды. Режиссер Әмен Қайдаров бұл мультипликациялық фильм үшін Ленинград қаласында өткен Бүкілодақтық кинофестивальде (1968), Нью-Йорктегі Халықаралық мультипликациялық фильмдер фестивалінде (1975) жүлде алды.