Ел тынысы

Мемлекетті дамытудың маңызды әрі өзекті бағытын айқындайды

Конституцияның жаңа редакциясының жобасы мемлекетті дамытудың маңызды әрі өзекті бағытын айқындайды. Мәтіннің 80% астамының жаңартылуы — бұл жай ғана құқықтық түзету емес, ел дамуының стратегиялық басымдықтарын қайта айқындауға бағытталған қадам.

Әсіресе мәдениет, білім, ғылым және инновацияның Конституция мәтіні арқылы ерекше құндылық ретінде көрініс табуы маңызды. Олар қосалқы салалар ретінде емес, мемлекеттің болашағының іргетасы ретінде айқындалған. Бұл адам капиталын дамыту мемлекеттік саясаттың стратегиялық міндетіне айналып отырғанын білдіретін нақты белгі.

Сондай-ақ Конституцияда ғылыми, техникалық және көркем шығармашылық еркіндігінің бекітілуі принциптік маңызға ие. Бұл идеяларды еркін іздеуге, эксперименттер мен инновацияларға берік құқықтық негіз қалыптастырады. Мұның бәрі білім экономикасын қалыптастыру мен бәсекеге қабілетті мемлекет құру үшін аса қажет.

Сонымен қатар еркіндік жауапкершіліктен ажыратылмайтыны да маңызды. Конституция оның нақты шектерін белгілейді: өзге адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу, азаматтардың денсаулығына, қоғамдық имандылық пен тәртіпке қамқорлық жасау. Мұндай тепе-теңдік бұл норманың декларативті емес, нақты жұмыс істейтін тетікке айналуына мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда, ұсынылған өзгерістер шығармашылық еркіндік ұран ретінде емес, конституциялық құндылық ретінде орныққан, заманауи, ашық әрі интеллектуалдық бағыттағы мемлекет құруға деген ұмтылысты көрсетеді.

Табиғат Зейнулқабден,

Астана қалалық мәслихатының төрағасы 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button