Мектеп ауыстыруды EGov порталы арқылы рәсімдеуге болады

Ата-аналар мен заңды өкілдер баланы бір мектептен екінші мектепке ауыстыруды eGov.kz порталы арқылы жүзеге асыра алады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
— Онда тұрғылықты жері бойынша немесе одан тыс кез келген білім беру ұйымын таңдап, өтінішті электронды түрде беруге мүмкіндік бар. Бұл қызмет есептен шығару және бекіту талондарын, сондай-ақ жеке іс құжаттарын тапсыруды талап етпейді. Өтініш беруші оқу тілін таңдап, қажет болса, өтінішін қайтарып ала алады, — делінген хабарламада.
Қызметті алу үшін:
• eGov.kz порталында тіркелу;
• «Білім» → «Орта білім» бөлімінде «Балаларды мектептен мектепке ауыстыру» қызметін таңдау; •
Өтінішті толтырып, ЭЦҚ көмегімен қол қою;
• Нәтижемен Жеке кабинетте танысу керек.