Білім

«Matatalab Smart Sports Competition»

«Matatalab Smart Sports Competition» робототехника олимпиадасының қорытындылары белгілі болды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Астана қаласындағы №2 «Дарын» облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-лицей-интернатының базасында «Matatalab Smart Sports Competition» робототехника олимпиадасы өтті.

Олимпиадаға 11 мектептен 20 команда, яғни 40 оқушы қатысты.

Қатысушылар келесі жас санаттары бойынша бақ сынасты:

8–11 жас (кіші жас санаты) – 16 оқушы, 8 команда;

12–14 жас (жоғары жас санаты) – 24 оқушы, 12 команда.

Біріншіліктің қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

Кіші жас санаты бойынша:

І-дәрежелі дипломмен «Бірлік» командасы –  Ақкөл ауданы, Кеңес ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 5-сынып оқушылары Садыков Роллан және Такисов Бекжан марапатталды.

ІІ-дәрежелі дипломмен «Junior» командасы – Ерейментау ауданы, Еңбек ауылының негізгі орта мектебінің 5 және 4-сынып оқушылары Мереке Альдияр және Байбол Мейірбан марапатталды.

ІІІ-дәрежелі дипломмен «Болашақ» командасы – Шортанды ауданы, Мықтыкөл ауылының негізгі орта мектебінің 5-сынып оқушылары Мұхтар Аяна және Болатбек Назерке марапатталды.

Жоғары жас санаты бойынша:

ІІ-дәрежелі дипломмен «Петровка-1» командасы – Астрахан ауданы, Петровка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушылары Шәйкемел Алихан және Гайшунов Денис марапатталды.

ІІІ-дәрежелі дипломмен «Alau» командасы – Ақкөл ауданы, Кеңес ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы Махбоз Нұртілек және Барап ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы Әділ Жұлдызай марапатталды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button