Қоғам

Мақтанышым – астана

Астана қаласы Есіл ауданы ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен қала күніне орай балабақша тәрбиеленушілері мен мектеп оқушылары қатысқан мерекелік жиын өтті.

«Байбала», «Тотоша» балабақшаларының кітапханасында жас өркендер Астана туралы өлең-тақпақ оқып, қолын кеудесіне қойып, Мемлекеттік әнұранды шырқады. Арнайы шақырылған қонақ – есімі елімізге таныс күйші, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстан Рес­публикасының еңбек сіңірген қайраткері Анар Мұздаханова үкілі домбырасымен бірнеше күйді тамылжыта орындап берді. Сондай-ақ бүлдіршіндер мен оқушылар алдында кітапхана меңгерушісі Г.Сұңқарбекқызы, «Байбала», «Тотоша» балабақшаларының меңгерушілері А.Лұқпанова, М.Раисова, ардагерлер С.Меңлібаева, М.Бердіғалиева, Қ.Құспан, Ж.Мұздаханова сөз сөйлеп, ел Астанасының 28 жылда өсіп-өркендегенін, дамып жатқанын қызықты дерек-дәйекпен әңгімеледі. Астана күніне арналған іс-шара аясында Есіл ауданы ардагерлер кеңесінің төрайымы Ш.Үстемірова белсенді ардагерлерге алғыс хат табыстап, елорда дамуы мен жас ұрпақ тәрбиелеуге зор үлес қосып отырғандарға шын жүректен алғыс білдірді.

Өріс ЯШҮКІРҚЫЗЫ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button