Ел тынысы

Маңызды заңдарды қабылдадық

2025 жыл еліміз үшін де, Парламентіміз үшін де айтулы, маңызды жаңалықтарға толы жыл болды. Мәжіліс қабырғасында көптеген заңдарды қабылдадық. Атап айтсам, Су кодексі, Бюджет кодексі, Цифрлық кодекс сияқты ірі-ірі кодекстерді қабылдадық. Құрылыс кодексі де депутаттық корпус тарапынан мақұлдауға дайын тұр. Бұлардың бәрі еліміздің экономикасының дамуына тікелей әсер ететін заңнамалық құжаттар. Алдағы уақытта құзырлы министрліктер, жергілікті әкімдіктер және жалпы алғанда қоғам осы маңызды заңнамалық құжаттарды басшылыққа алады.

Жоғарыда аталған кодекстерден бөлек, мен депутат ретінде шамамен 150-ден астам заң жобаларына түзетулер енгіздім. Соның ішінде, «Жасанды интеллект туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы», «Білім туралы», «Мәдение туралы» заңдар бар. Бұдан бөлек, ел-жұртты, қоғамды алаңдататын, ең маңызды деп санайтын үлкен мәселенің бірі – жер мәселесінде әлі де түйіні шешілмеген нәрселер көп. Осыған орай, ауыл шаруашылығы жерлері, суармалы жерлерге байланысты өзімнің авторлық заң жобамды дайындадым. Жеке депутатқа заң жазу, жоба әзірлеу оңай шаруа емес.

Мысалы, заңның жобасын әуелі Парламентаризм институтымен ақылдасу керек. Одан әрі заң жобасы сарапшылардан, салалық министрліктердің қарауынан өтеді. Ең соңында Үкімет өз қорытындысын береді. Жуырда Үкімет аталған заң жобасына қатысты қорытындысын жіберді. 2026 жылы заң жобасы Мәжіліс қарап, қабылдайтын заңдар тізіміне енеді деп ойлаймын. Бұл заңның тақырыбы, атауы – ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану және оған мемлекеттік бақылауды күшейту. Қазіргі таңда ауылдық аумақтарда тұратын адамдардың жерді тиімді пайдалануға қолы жетпей жатады. Заң жобасы осы бағыттағы олқылықтардың орнын толтырып, заңнаманы жетілдіруді көздейді.

2026 жылы барша қазақстандықтарға зор денсаулық, баянды бақыт, бақ-дәулет тілеймін! Күнтізбелік Жаңа жыл әр үйге, әр адамға жақсылықтарын ала келсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Тәуелсіз Қазақстанымыз көркейе берсін!

Ерболат САУРЫҚОВ,
Мәжіліс депутаты,
Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button