МӘМС және кредиторлық берешек жайы сөз болды
Астана қаласының мәслихатында МӘМС, кредиторлық берешек және ведомстволық бағынысты ұйымдар мәселесі сөз болды, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/
Қалалық мәслихатта Ерлан Каналимовтың төрағалығымен отырыс өтті. Онда МӘМС және Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасына ведомстволық бағынысты ұйымдарының кредиторлық берешегінің проблемалық мәселелері қаралды.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру филиалының директоры Гүлзат Шайхыбекова қордың негізгі функциялары, ағымдағы жылдың 8 айындағы медициналық мекемелерге аударымдар, олардың кредиторлық берешегіне байланысты проблемалық мәселелер туралы баяндады. 2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша денсаулық сақтау басқармасының ведомстволық бағынысты 21 ұйымының берешегі бар. Ең көп қарызы бар медициналық мекемелердің ішінде ол №1,3 көпсалалы ауруханаларды, перинаталдық, фтизиопульмонологиялық, инфекциялық орталықтарды, Достық жеке емханасын атады. 2022 жылы медициналық мекемелерге тарифті 7% — ға, ал кейінгі жылдары 11% — ға дейін арттыруға Қор қаражат бөлді.
Бұдан әрі Шайхыбекова медициналық мекемелер ұсынатын қызметтердің сапасына тоқталды. Мониторинг қорытындысы бойынша Медициналық мекемелерде елеулі бұзушылықтар анықталды. Мәселен, консультациялық-диагностикалық көмек көрсету кезінде 282 бұзушылық, стационарға ораналастыру бойынша 3,5 бұзушылық анықталды. Осыған байланысты Қор медициналық персоналды оқытуды, қызметті талдауды және уәкілетті органның бұйрығына түзетулер енгізу қажеттігі туралы ұсыныс енгізуді жоспарлауда.
Депутат Кендебай Адамбек Денсаулық сақтау және медициналық сақтандыру мәселелері бірнеше рет қаралғанын атап өтті. Депутаттың пікірінше, келесі жылдан бастап жеткізушілерді іріктеу мұқият болуы және үш жылға шарт жасалуы керек. Оның айтуынша, бір адам тура сол уақытта стационарлық, сонымен қатар консультациялық көмек алушы ретінде белгіленген фактілер бар. Ақша қаражатын жұмсаудың тиімділігіне талдау жүргізу қажет. Мүмкін медициналық мекемелердің басшысы қызметінде экономистер болуы, ал бас дәрігер медициналық бөлімнің кеңсесін басқаруы керек. Кредиторлық берешек мәселесі ұзақ уақыт бойы шешілмейді. Адамбек депутаттарды комиссия құрамына қосуды ұсынды және оның пікірінше, кредиторлық берешек мәселелерін өздері шеше алмайтын үш-төрт медициналық мекеме бар, оларға көмек қажет. Цифрландыруға қатысты сұрақтарды депутат оны цифрландыру басқармасымен бірлесіп жүргізу керек деп санайды.
Депутат Асқар Смағұлов қазіргі жағдайда жұмыс істеуге болады деп есептейді. Кейбір мекемелерде шағымдар көбейеді, бірақ осындай шағымдар азайып бара жатқан мекемелер де орын алуда. Бір күннің ішінде шешілетін шағымдар бар, яғни оларды мүлдем болдырмауға болады.
Мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов үш жыл ішінде бірде-бір басшы кредиторлық берешегі үшін жазаланбағанын атап өтті. Мәслихат төрағасының айтуынша, медициналық мекемелерде тіркеулер өсуде. Бұл консультативтік-диагностикалық консультациялардың санына да қатысты. Артық жазылған тіркеулер жүйелік бұзушылыққа айналды. Бұған 3-4 ұйымда жұмыс істейтін дәрігерлер жол береді. Мұндай дәрігерлерге қатысты елеулі шаралар қабылдау қажет. Ол қарыздың келесі себебін: дәрілік заттардың тауарбастылығы, өсіріп көрсетілген штаттар деп атады. Бұл ретте мекеме басшылары қаржылық сауаттылығымен ерекшеленбейді.
2023 жылы және ағымдағы жылдың 6 айында үлкен сомалар есептен шығарылды. Дәрі-дәрмектердің жартысына жуығы пайдаланылмаған. Неге пайдаланылмаған екенін екінші қалалық аурухананың тәжірибесі көрсетеді. Мемлекет басшысы соңғы Жолдауында барлық ұйымдар үшін деректердің түпкілікті бақылауы мен объективтілігін қамтамасыз ететін бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйені құру міндетін атап өтті.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемова Ұлттық экономика министрінің бұйрығына сәйкес саланы дамыту жоспарлары бекітіліп жатқанын айтты. ММСҚ жоспарлағаннан да көп жоспарлары бар бірқатар медициналық мекемелер бар. Және бұл бірнеше жыл бойы жалғасуда. Осылай кредиторлық берешектің жинақталуы орын алуда. Көптеген АМСК орталықтары, оның ішінде 10 жыл берешегі бар ең проблемалы — Достық жеке емханасы. Әлия Рүстемова ММСҚ жүйесінде қанша адам пайыздық көрсеткіш бар деген сұрақты зерттеу үшін жеткізушілердің шағымдары бойынша жұмыс тобын құруды ұсынды. ММСҚ жүйесінде тіркелмегендерді анықтау бойынша жұмыс жүргізу қажет. Себебі 300 мыңға жуық адам есепке алынбаған. Кез-келген жағдайда оларға медициналық көмек көрсетіледі. Бұл мемлекеттік қызметшілердің, бюджет қызметкерлерінің отбасы мүшелері, ХӘОТ өкілдері, саябақшылар, жұмыс істеп, әлі де қолма-қол ақша алып жүрген адамдар.
Депутат Табигат Зейнулкабден медициналық мекемелер неге коммуналдық қызметтерді төлемейді, миллиондаған қарыздары бар деген сұрақ қойды. Ол фактілер фото мен бейнеде жазылғанын айтты. Қоқыс орнына жіберілмегеннің барлығы кәріз жүйесәне төгіледі.
Мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов медициналық мекемелерде жылу, электр, сумен жабдықтау, су бұру тарифтері бойынша ақпарат дайындауды сұрады және бұзушылықтарды жою бойынша іс-шаралар жоспарын дайындауды тапсырды.