Денсаулық

МӘМС: өзгерістер қалай көрініс табады?

Диагностика саласындағы мемлекеттік кепілдіктерді кеңейту, халықты медициналық сақтандырумен қамтуды ұлғайту және жүйенің қаржылық тұрақтылығын нығайту — өзгерістердің негізгі бағыттары осындай, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда медициналық көмектің бірыңғай пакетін кезең-кезеңімен енгізу басталады. Өзгерістер 2025 жылғы 14 шілдеде Мемлекет басшысы қол қойған заңға сәйкес іске асырылады және денсаулық сақтаудағы базалық мемлекеттік кепілдіктерді іске асыруға, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға, барлық қатысушылардың әділ ортақ жауапкершілігін қамтамасыз етуге және жүйенің ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Бұл пакеттердің арасындағы қайталануды жоюға, ТМККК мен МӘМС-ті нақты ажыратуға, сондай-ақ пациенттер мен медицина қызметкерлері үшін медициналық қызметтер тізбесінің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button