Қоғам

Комиссия жұмысы қорытындыланды

Астана қаласы әкімдігінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия 2025 жылғы жұмысын қорытындылады. Есепті жиында жыл бойы қоғамдық маңызды істерді атқаруға өз үлесін қосқан түрлі сала мамандарын комиссия төрағасы және елорда әкімінің орынбасары Есет Байкен Алғыс хаттармен марапаттады.

Іс-шараға мемлекеттік органдар, азаматтық сектор мен БАҚ өкілдері қатысты. Комиссия төрағасының орынбасары Назгүл Мақжан жыл басынан бері атқарылған жұмыстардың ең негізгі бөлігіне тоқталып өтті.

-2025 жылы комиссия құрамына мемлекеттік сектор, қоғамдық ұйымдар, сараптамалық және кәсіби қауымдастық, әлеуметтік сала, білім беру, денсаулық сақтау және бизнес салаларынан 33 адам мүше болды. Жылдың негізгі бағыттарының бірі – отбасы институтын нығайту мәселесінде мемлекет пен азаматтық сектордың күштерін біріктіру болды. Комиссия жанынан фронт-офис құрылып, оған әртүрлі салалардың бейінді сарапшылары кезең-кезеңімен тартылуда. Есепті кезеңде нақты кейстерді талдау, ведомствоаралық өзара іс-қимыл, практикалық шешімдер әзірлеу мақсатында 12 жұмыс кездесуі өткізілді. Тұрақты түрде 70-тен астам жедел-профилактикалық іс-шаралар, ведомствоаралық рейдтер мен акциялар, қала тұрғындары мен қонақтарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жұмыс зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділік қағидатына және салдарды жою емес, жүйелі профилактикаға негізделді. Жыл бойы тұрақты түрде комиссия мүшелері мен әкелер кеңесі дебоширлермен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ қала тұрғындарымен адам көп шоғырланған орындарда кездесу ұйымдастырылды.  Жасөспірімдер қылмысының алдын алу және балалардың құқықтарын қорғау шеңберінде білім беру ұйымдарында 3670-тен астам профилактикалық іс-шара өткізілді. Білім басқармасы, прокуратура, полициямен бірлесіп «Қауіпсіздік сағаты» іс шарасы 63 мектепте ұйымдастырылды. Ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылармен жұмыс маңызды бағыттардың бірі болды. Бұл жұмысты жүйелі жүргізгенді жөн көрдік. Бір мезетті акциялармен шектелмей, баршаға шарапаты тиетін бастамаларды көтеруге тырыстық. Комиссия мүшелерінің жүйелі өзгерістерге қосқан үлесін ерекше атап өткім келеді, — деді Н. Мақжан.

Жыл басында Әкелер одағы және Аналар кеңесімен бірлескен іс-қимыл жоспары бекітіліп, бүгінгі таңда оң нәтижесін беріп отыр. Қаланың әр ауданында әкелер одақтары, аналар кеңестері белсенді жұмыс істеуде. Халықаралық тәжірибе және серіктестік бойынша 2025 жылы 11 меморандумға қол қойылды.

-Ерекше атап өткім келетіні, комиссия жұмысы — ақысыз, қоғамдық негіздегі іс. Соған қарамастан әрбір белсенді мүшенің алтын уақытын бөліп, бір отбасының мәселесін шешуге атсалысып, елордадағы отбасылық саясаттың дамуына үлес қосып келе жатқаны — үлкен жанашырлық пен азаматтық жауапкершіліктің айқын көрінісі. Мұнан асқан нәтиже жоқ деп білемін, — деді комиссия төрағасының орынбасары.

Комиссияның қазіргі құрамының деңгейін жоғары бағалаған Есет Байкен алдағы жылы да нақтыланған міндеттер аясында жұмыстар жалғаса беретінін айтып, осы бағытта барша құрамға сәттілік тіледі.

Райхан Рахметова

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button