
Биылғы жыл көлемінде 300-ден астам экскурсия өткізіліп, оған 14 мыңнан аса оқушылар мен колледждердің 1-курс студенттері қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Тәлімгерлер қаланың 40-тан аса кәсіпорнына барып, сан түрлі мамандықтар мен қызметтер жайлы мәліметтер алды.
Елордада аталған жыл еңбек мамандықтарын жастарға таныстыруға, насихаттауға, олардың дұрыс таңдау жасауына мол септігін тигізді, әрі балалар мен жасөспірімдер туризмінің дамуына ықпал етті.
Жобаның аяқталуына орай, экскурсиялар ұйымдастыруға белсене қатысқан кәсіпорын мамандарына алғыс хаттар табысталды.
Ал жыл көлемінде өткізілген шаралар білім беру ұйымдары мен кәсіпорындардың кадр дайындауға деген қызығушылығын оятып, тиімділігін көрсетті.



