Елорда тынысы
Ертең кезекті сессия өтеді
Ертең қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы өтеді, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/
«Астана қаласының тұрғындары мен қалалық мәслихаттың сегізінші шақырылымы депутаттарының назарына!
2024 жылғы 02 қазанда сағат 10.00-де Астана қаласы мәслихаты сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы шақырылады.
Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:
- «Астана қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 14 желтоқсандағы № 113/15-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған паралимпиадалық жаттығу орталығы мен «Тарлан мұз айдыны қызметін ұйымдастыру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 338/42-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Астана қаласының аумағын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы».
Астана қаласы мәслихатының төрағасы Е. Каналимов», — делінген хабарламада.