Елордадағы ауқымды акция

Республика аумағында «Қауіпсіз терезе» акциясы жалғасуда. Акцияның мақсаты – ата-аналардың сақтығын арттыру және қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салу, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Жыл басынан бері ТЖМ құтқарушылары еліміз бойынша 3920 терезе бекіткішін орнатты.
Бүгін елордада ТЖД қызметкерлері қаланың барлық аудандарын қамтыған ауқымды профилактикалық іс-шара өткізді.
ТЖД қызметкерлері кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полициямен, жергілікті атқарушы органдармен және волонтерлермен бірлесіп әлеуметтік осал топтағы отбасылардың пәтерлерінде 900-ден астам терезе бекіткішін орнатты.
«Бекіткіштерді орнату сынды қарапайым шаралар және балаларға тұрақты бақылау жасау – қайғылы жағдайдың алдын алуы мүмкін. Біз елордалықтарды барынша мұқият болуға шақырамыз», – деп ТЖД бастығының орынбасары Қанат Алтынбеков түйіндеді.