Елорда тынысы

Елордада желдің ұйытқуы күшейеді

Астана қаласы ТЖД ауа райының қолайсыздығына байланысты жазатайым оқиға болмас үшін елорда тұрғындары мен қала қонақтарынан қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша 6-7 қараша күндері қатты жел соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с болады деп болжанып отыр.

Осыған байланысты Астана қаласы ТЖД қатты жел кезінде жарақат алмау үшін азаматтарға қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:
— Ғимараттардан шығуға асықпаңыз (мүмкіндігінше үй-жайларда болыңыз);
— балаларды ерекше бақылауға алыңыз және оларды қараусыз қалдырмау маңызды;
— Егер қатты жел кезінде сыртта болсаңыз, жақын маңдағы кіреберісті немесе дүкенді паналаңыз;
— үйлердің қабырғаларына жақын жерде қатты желден жасырынбаңыз, өйткені шатыр материалдары құлап кетуі мүмкін;
— қоғамдық көліктің ашық аялдамаларында, билбордтардың астында, ағаштарда, құрылысы аяқталмаған ғимараттарда жасырынуға болмайды;
— қатты жел кезінде электр желісінің астында тұрып, үзілген электр сымдарына жақындау өте қауіпті;
— жеке автокөлікті ағаштардан қауіпсіз қашықтықта қою ұсынылады.

Төтенше жағдайлар кезінде 101 және 112 нөміріне хабарласу қажет.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button