Денсаулық

Елорда – заманауи медицина мен озық технологиялар тоғысқан мегаполис

Бүгінде Астана қаласында 1,7 миллионнан астам тұрғынға медициналық көмек көрсетіліп, денсаулық сақтау саласын дамытуға ерекше назар аударылуда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, осы бағытта медициналық инфрақұрылымды жаңғырту, кадр әлеуетін күшейту және цифрлық шешімдерді енгізу бойынша бірқатар бастамалар жүзеге асырылды.

4 емхана объекті іске қосылды. Нұрлы жол вокзалы ауданында жаңа жеке емхана ашылды. Екі ауруханада ауқымды жөндеу жұмыстары жасалды. Оның бірі — көп жылдар бойы медициналық көмек көрсетіп келе жатқан №3 көпбейінді аурухананың ескі ғимараты.   Қабылдау-диагностикалық кешені ашылды. Перинаталдық орталықтың құрылысы басталды. 300 орындық жатақхана салынуда.

Келесі жылы жаңа көпбейінді аурухана, Есіл және Нұра аудандарында екі емхана, сондай-ақ Есіл ауданында балаларға арналған травматологиялық корпус құрылатын болады. Осы жылы 276 медициналық жабдық сатып алынды. Жедел жәрдем автокөліктері сатып алынып, автотұрақ толық 100%-ға қамтылды. Резидентураға 72 грант бөлінді. 45 маман жұмысқа орналастырылды.

5 мемлекеттік мектепте стоматология кабинеттері, сондай-ақ №1 қалалық көпбейінді аурухана базасында балалар стоматологиясы жұмысын бастады. Акушерлік-гинекологиялық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін Ситуациялық орталық құрылды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button