Құқық

Елорда прокурорлары жедел жәрдемде жымқыру фактілерін анықтады

    Арнайы прокурорлардың басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды.

Прокурорлар санитарлық автокөліктің бөлшектерін заңсыз есептен шығару және жалған қызмет көрсету шарттарын жасасу фактілерін анықтады.

Соның нәтижесінде жұмыс істейтін автокөліктердің саны азайып, қалғандары қосалқы бөлшектерді жымқыру салдарынан пайдаланудан шығарылған.

Қазіргі уақытта «103» автопаркі толығымен қалпына келтірілді.

4 қызметкер, оның ішінде 2 орта буынды басшылар мен станция директоры ұсталды.

Көрсетілген түлғалардың әрекеттерінен мемлекетке 850 млн. теңге сомасында аса ірі залал келтірілген. Олардың іс-әрекеттері Қылмыстық кодекстің «Кiнәлiге сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған аса ірі мөлшерде бірнеше рет иемденiп алу», яғни ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2) тармағы, 189-бабы 3-бөлігі 1), 2), 3) –тармақтары бойынша сараланды.

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button