Құқық

Есірткіні қолданудың салдары туралы әлеуметтік ролик ұсынылды

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру және есірткі құқық бұзушылығының алдын алу аясында қалалық Полиция департаменті есірткі заттарын тұтынудың салдарына арналған жаңа әлеуметтік бейнероликті таныстырды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Бейнероликтің мақсаты – есірткінің қауіптілігін көрнекі түрде көрсетіп, елорда тұрғындарын оны қолдану жолына түспеуге шақыру. Онда заңсыз тұтыну үшін жауапкершілік, сондай-ақ есірткінің адам өмірі мен денсаулығына тигізетін зияны айқын көрсетілген.

Есірткі заттарын заңсыз сақтау, тарату немесе тұтыну деректері туралы 87777716393 сенім телефоны арқылы немесе 102 нөміріне хабарлауға болады. Ақпарат берушілердің анонимдігіне кепілдік беріледі.

Әлеуметтік бейнеролик халықтың хабардарлығын арттыруға және қоғамның денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтауға бағытталған алдын алу шараларының маңыздылығын көрсетуге арналған.

Полиция есірткіні тұтыну тек қана ауыр қылмыстық жауапкершілікке әкеліп қоймай, денсаулықты бұзады, тағдырды талқандайды және адам өміріне қауіп төндіретінін ескертеді.

Кезекті бейнероликке қазақстандық актерлер Абзал Ғарифуллин мен Ерлан Примбетов, сондай-ақ елордалық Полиция департаменті жанындағы есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес мүшелері — танымал спортшылар Мерей Ақшалов пен Данияр Елеусінов қатысты.

Аталған бейнероликтер қоғамның назарын есірткі тұтыну мәселесіне аударуға, профилактикалық шаралардың маңыздылығын көрсетуге және есірткінің заңсыз айналымы фактілері анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгінуге шақыруға бағытталған.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button