Елорда тынысы

Елорда мектептерінде Аналар кеңестері құрылады

Астана қаласының мектептерінде Аналар кеңестерін құру бойынша пилоттық жоба іске қосылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрағасы Алтынай Танирбергенова мен Этномедиация орталығының жетекшісі Роза Бекишева бейнебайланыс форматында қала мектептерінің тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарларымен кеңес өткізді. Сондай-ақ онлайн –кездесуге Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің мүшесі Ботагөз Ахтаева қатысты.

Әңгіме барысында тараптар бірлескен жұмыстың негізгі бағыттарын және алдағы ынтымақтастықты нығайту жолдарын жан-жақты талқылады. Әсіресе елордадағы жалпы білім беретін мектептерде Аналар кеңестерін құру, сонымен бірге жаңа бағыт — медиацияны енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұл бастамалар оқушылардың, педагогтердің және ата-аналардың эмоциялық әл-ауқатын нығайтуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болмақ.

Аналар кеңесі мен қала мектептерінің бірлескен жұмысы білім беру ұйымдарында қолайлы әрі үйлесімді орта қалыптастыруға елеулі үлес қосады деп күтілуде.

Пилоттық кезең барысында жобаға қаланың 6 ауданынан екі мектептен қатысады. Жоба сәтті іске асқан жағдайда, ол қаланың барлық мектептерінде енгізіледі.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button