Қоғам

Электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмысы аяқталды

«Астана-РЭК» АҚ-ның жедел бригадалары РП-217 нысанындағы электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмысын толық аяқтады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

22 қарашада сағат 21:19-да барлық шектеу толық алынды. Барлық тұрғын үй кешенінде электрмен жабдықталу қалпына келтірілді.

Еске сала кетейік, сағат 15:15-те бес тұрғын үй кешеніне электр энергиясы берілген болатын.

Жоғары кернеулі жабдыққа жүргізілген сынақтар сәтті өтті.

Электрмонтер бригадалары барлық трансформаторлық қосалқы станциясында дизельдік-генераторлық қондырғыларды кезең-кезеңімен ажырату арқылы электрмен жабдықтау схемаларын қалпына келтіруге кірісті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button