Мәслихат

Депутаттар инвентарлар сақталатын қойманы аралады

Астана қалалық мәслихатыдағы депутаттары Алматы ауданы аумағындағы шағын сәулет формалар мен инвентарлардың уақытша сақталатын қоймасын көрді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

-Қала тұрғындары “Пайдалануға әлі де жарайтын орындықтар, қоқыс жәшіктері, шағын сәулет формалары мен плиткалар қайда жіберіледі?” деген сұрақты жиі қояды. Қазіргі уақытта бұл заттардың барлығы уақытша 2-ші ЖЭО аумағының маңында сақталып тұр. Біз оларды сақтау және түгендеу процесін тексердік. Өкінішке қарай, онда бәрі ретсіз әрі жүйесіз шашылып, үйінді болып жатыр. Біз осы кемшіліктерге назар аудардық. Кездесуге қатысқан Астана қаласы активтер және мемлекеттік сатып алулар басқармасының өкілі ол жерді реттеп, заттарды толық түгендеп, оларды санаттарға бөліп сұрыптауға уәде берді. Осылайша, жарамдыларын қайта пайдалануға дайындап, ал жарамсыздарын есептен шығарып, кәдеге жаратуға тапсырады немесе металломға өткізеді, – дейді мәслихат депутаты Бауыржан Смаилов.

Одан соң депутат өзінің сайлау округіне қарасты Көктал-1 тұрғын алабындағы Абайдың 150 жылдығы көшесі бойындағы жол құрылысының барысымен танысты.

-Естеріңізде болса, бұл мәселені соңғы екі жыл бойы мәслихат сессияларында қала әкімі қатысқан кезде бірнеше рет көтерген едім. Биыл Абайдың туғанына 180 жыл толып отыр, алайда осыдан отыз жыл бұрын басталған жол құрылысы әлі күнге дейін аяқталған жоқ. Өткен жылдың соңында қала әкімі көлік және жол-көлік инфрақұрылымы басқармасына бұл мәселе бойынша тапсырма берген еді. Жаңа тендер өткізілді. Бүгін мен сол жаққа арнайы барып, жұмыстың қарқыны мен сапасын көзбен көріп қайттым. Өкінішке қарай, нәтиже көңіл көншітпейді: кейбір учаскелерде тек асфальттың төменгі қабаты төселген, ал басқа бөліктерде кәріз жүйесі тартылып, жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр, себебі барлық коммуникациялар жолдың соңғы кезеңіне дейін дайын болуы тиіс, – дейді депутат

Бұл жолдың бойында колледж, мемлекеттік ветеринариялық станция орналасқан, сондай-ақ көпқабатты тұрғын үйлер салынған. Егер құрылыс келесі жылдың соңына дейін аяқталса, бұл жол аудан үшін маңызды логистикалық бағытқа айналады. Қазіргі уақытта бұл көше Тілендиев даңғылына тікелей келіп тіреледі, ал екінші жағынан “Шарапат” әлеуметтік қызмет көрсету орталығына апаратын жолға шығады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button