Uncategorized

Денсаулық пен өмір сапасы – ұдайы назарда

– Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауында денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге ерекше басымдық берді. Бұл Жолдау елдің медициналық инфрақұрылымын дамыту, алғашқы медициналық көмекті күшейту, цифр­ландыру мен жасанды интеллектті енгізу, отандық фармацевтиканы қолдау секілді маңызды бастамаларды қамтыды.

Бұл ретте біздің ұжым Жолдаудағы барлық міндеттерді қолдап, оларды іске асыру бағытында нақты шаралар қабылдап келеді. Біздің емханада халыққа медициналық көмектің қолжетімділікті арттыру мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Биыл, мамыр айынан бастап кеңейтілген мейіргерлер қабылдауы ашылып, диспансерлі есепте тұрған науқастарға динамикалық бақылау жұмысы күшейтілді және тегін дәрі-дәрмекпен уақытылы қамтамасыз ету мәселесін шешуде учаскелік дәрігермен қатар жоғары білімі бар мейіргерлер өз қабылдауларында жазуға мүмкіндік алды. Егде жастағы, жүкті әйелдер мен балаларға үйге барып қызмет көрсету кеңейтілді, яғни патронаждық мейіргерлердің, әлеуметтік қызметкерлердің, психологтардың жұмыстары жаңа форматта жұмыс істей бастады. Қосымша цереброваскулярлық аурулар бойынша динамикалық байқауда тұрмаған ерлер арасында жіті ми қанайналым бұзылуының даму қаупін ерте анықтау скрининг түрі қосылып, скринингтер көлемі ұлғайтылды.

Президент ауылдық денсаулық сақтау нысандарын жаңғырту мен жаңа медициналық мекемелер салу туралы нақты тапсырма берді. Мемлекет тарапынан емханаға стоматологиялық қондырғы, ультрадыбыс­тық зерттеу және ана мен ұрықтың жағдайын бақылау аппараттары сияқ­ты жаңа медициналық жабдықтар сатып алынуда. Бұл – халыққа сапалы әрі уақытылы медициналық көмек көрсетуге ықпал ететін маңызды факторлардың бірі. Халықтың сұранысын ескере отырып, күндізгі стационар мен қалпына келтіру бөлімінің қуаты арттырылды.

Жолдауда цифрландыруға ерекше назар аударылды. Бүгінгі таңда медициналық құжаттардың барлығы цифр­ландырылып, пациенттердің электрондық денсаулық паспорттары толық электронды түрде жүргізіледі. Науқастар «Даму-мед» медициналық ақпараттық жүйенің мобильдік қосымшасы арқылы дәрігерге онлайн жазылып, нәтижелерін бақылай алады. Жолдауда жаңа мониторинг жүйе­сін жасап, сапаға бағытталған жұмыс жүргізу керектігі айтылды. Емханада пациенттермен кері байланыс орнату үшін QR-код арқылы бағалау жүйесі енгізілген, бағалау нәтижелері арқылы емхана жұмыстары жақсартылады. Ішкі аудит пен сапа менедж­менті жүйесі жаңартылып, медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру тұрақты жүргізілуде. Клиникалық протоколдар мен стандарттарға сәйкестік қатаң бақыланады. Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап халыққа көрсетілген қызметтің сапасын анықтау мақсатында халыққа міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жасанды интелектің қызметі арқылы тексеріс­тер жүргізеді.

Мемлекет басшысы айтқандай, дәрілік заттардың қолжетімділігін арттырып, отандық өндірісті дамыту қажеттігі бағытындағы міндеттер емхананың күнделікті жұмысында өз көрінісін тауып отыр. Мысалы, халықты сапалы және қауіпсіз дәрілік заттармен қамтамасыз ету мақсатында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды дұрыс таңбалау 2025 жылдан бастап енгізілді. Мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тегін берілетін дәрілердің саны артуда. Президент бастамаларын толық қолдай отырып, емхана ұжымы өз жұмысын жаңа деңгейге көтеруге күш жұмылдырып келеді. Азаматтардың денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – біздің басты мақсатымыз.

Жаңалық САҒАНДЫҚОВ,

ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК

директоры

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button