Елорда тынысы
-
Астана – даму мен жаңару жолында
Жыл өткен сайын сәулеті мен дәулеті қатар дамыған Астана – халық саны тұрақты артып келе жатқан қала. Сондықтан елордада бірінші кезекте әлеуметтік нысандардың құрылысына ерекше маңыз беріледі. Өткен оқу жылында Астанада рекордты көлемде, яғни 24 мектеп салынып, пайдалануға берілсе, соңғы жылдары 21 медициналық нысан халық игілігіне айналды. Кеше Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елорданың тыныс-тіршілігі…
Жалғасын оқу -
Елордада тағы да 12 мектеп ашылады
Елордада әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz Олардың қатарында мектептер, балабақшалар, Оқушылар сарайы, медициналық мекемелер, спорттық нысандар және өзге де әлеуметтік нысандар бар. Мәселен, биыл елордада тағы 9 мектеп пайдалануға берілді. «Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша рекордты көлемде мектеп салынып, пайдалануға берілді. Атап айтқанда, 66 мың оқушыға арналған 24 оқу орны ашылды. Осы 24 мектептің 16-сы Мемлекет…
Жалғасын оқу -
Астанада перинаталдық орталық, травмпункт және емханалар салынады
Астанада қаланың дамуы аясында әлеуметтік нысандардың құрылысына ерекше көңіл бөлініп отыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz Соңғы жылдары Астанада 21 медициналық нысан салынып, пайдалануға берілді. Олардың қатарында Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы, сондай-ақ тұрғындарға қадамдық қолжетімділікте қамтамасыз ету үшін ашылған емханалар жанындағы 19 филиал бар. Қалада алдағы уақытта қандай медициналық нысандар салынатынын Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек айтып…
Жалғасын оқу -
Елордада ССС-4, газбен жұмыс істейтін жылу станциялары және КТҚ-2 салынып жатыр
Елордада инфрақұрылымды дамыту мақсатында тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің бірқатар нысаны салынып жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz Бұл нысандар қаланың жылу және электр қуатын, сондай-ақ сумен қамту мүмкіндіктерін арттыруға мүмкіндік береді. Осыған дейін сорғы-сүзгі станциясы (ССС-3), газбен жұмыс істейтін жылу станциялары, электр қосалқы станциясы және басқа да нысандар салынып, пайдалануға берілген болатын. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласының әкімі…
Жалғасын оқу -
Астанада 170 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылды
Астанада 2025 жылы 170 аула мен қоғамдық кеңістік (саябақ, гүлзар, желекжол) абаттандырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz Қаланы абаттандыру жұмысымен қатар ауқымды көгалдандыру да жүргізілді. Биыл қала аумағында 1,1 миллионнан астам жасыл желек отырғызылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді. «Абаттандыру жұмысы елорданың барлық ауданын қамтыды. Мәселен, Ататүрік атындағы саябақтың жағалауы тас жағалау технологиясын қолдану арқылы жаңартылды.…
Жалғасын оқу -
Елорда әкімі есеп береді
Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің қатысуымен «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Баспасөз конференциясының өтетін уақыты: сағат: 14.30 Конференцияға журналистер онлайн және оффлайн форматта қатысып, елорданың дамуына қатысты сұрақтарын қоя алады. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz
Жалғасын оқу -
Астанада күн күрт суытты
Астанада 21 желтоқсанға қараған түні ауа температурасы күрт төмендеп, -25-27 градус аяз болды. Осыған байланысты құтқарушылар елорда тұрғындарына қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде ескерту жасады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.. Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қолайсыз ауа райы жағдайында тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға, дауылды ескертулерді назарда ұстауға және мүмкіндігінше алыс жолға шықпауға шақырады. Дауылды ескертулер, ауа райының нашарлауы, сондай-ақ қала аумағындағы автожолдардың…
Жалғасын оқу -
Астана мен Токио: ынтымақтастық артады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапары барысында Токио губернаторы Юрико Коикэмен кездесу өткізді. Кездесу аясында Астана мен Токио арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юрико Коикэ кездесу барысында цифрландыру, Smart city технологияларын және қаланы орнықты дамыту, жасанды интеллект, шаһарды басқару ісіне инновациялық шешімдерді енгізу салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сонымен қатар мегаполистердің тұрғындары мен қонақтары үшін анағұрлым…
Жалғасын оқу -
Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты дрон-шоу өтпейді
19 желтоқсан күні Астананың алты ауданында жаңа жылдық шыршаларды жағу шарасы өтеді. Осыған дейін мерекелік бағдарлама аясында дрон-шоу ұйымдастыру жоспарланған еді, алайда ауа райының қолайсыздығына және мамандардың ұсынымына байланысты ол кейінге қалдырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, Астанада қар жауып, бұрқасын болуы, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін. Осыған байланысты көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және техникалық құралдарды…
Жалғасын оқу -
Astana International Challenge 2025: елордада бадминтоннан әлемдік турнир өтті
Елордадағы Beeline Arena-да бадминтоннан Astana International Challenge 2025 халықаралық турнирінің екінші жарыс күні өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Астана қаласында алғаш рет өтіп жатқан жарыста 43 елден келген 200-ге жуық спортшы бас қосып, жеке, жұптық және аралас жұптық бәсекелерде жүлде жиынтығын сарапқа салды. «Мұндай деңгейдегі турнирдің Астанада өткізілуі Қазақстанның әлемдік бадминтонды дамытудағы рөлінің артып келе жатқанын айқындайды. Бүгінде бұл спорт түрі…
Жалғасын оқу