Мәдениет

Бұл көшелерде оның ізі қалған…

Ұлттық музейде классик жазушы Федор ­Достоевскийдің өмірі мен шығармашылығына арналған «Бұл көшелерде оның ізі қалған…» көрмесі ашылды.

Экспозицияда әйгілі қаламгердің Семейде тұрған кезеңі (1854-1859 жж.) қамтылып, қаланың XIX ғасырдағы бейнесі, жазушының әскери қызметі, замандастары және шығармашылық еңбегі жан-жақты көрсетілген. Көрмеге Семейдегі Ф.Достоевский атындағы әдеби-мемориалдық музейі қорынан 100-ге жуық зат, соның ішінде қаламгердің шығармалары, хаттары, естеліктер, фотосуреттер, тұрмыстық бұйымдар ұсынылды.

Орыс жазушысының қазақтың дарынды перзенті Шоқан Уәлихановпен достық қарым-қатынаста болғаны белгілі. Екеуі кездесіп, хат жазысқан. 8 қыркүйекке дейін жалғасатын көрмеден Достоевский мен Уәлихановтың 1858 жылы Семейде түскен суреттері, Шоқанның мүсіні мен еңбектері де орын алды.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button