Елорда тынысы

Балалар қауіпсіздігі – басты назарда

Оқушылардың қауіпсіздігі мен қорғалу деңгейін арттыру мақсатында елордалық полиция қалалық Білім басқармасымен бірлесіп білім беру нысандарының бейнебақылау жүйелерін Полицияның Жедел басқару орталығына қосу жобасын іске асыруды жалғастыруда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Бүгінгі таңда ЖБО-ға 230-дан астам қалалық білім беру мекемелерінің бейнекамералары мен дабыл батырмалары қосылған. Жалпы елорданың балабақшалары, мектептері, колледждері мен жоғары оқу орындарында орнатылған 9 300-ден астам камера тұрақты бақылауда. Жобаны іске асырудың нәтижесінде өткен жылы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік талаптарының 170-тен астам бұзушылығы анықталды.

Осы жылдың басынан бері 25 осындай дерек тіркелді. Жедел әрекет ету құқық бұзушылықтардың алдын алуға және білім беру мекемелерінің оқушылары мен қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Техникалық жедел әрекет ету құралдарымен қатар, полиция білім беру нысандарындағы ахуалды нақты уақыт режимінде бақылауды жүзеге асырады.

Оқу орындарына іргелес аумақтардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады. Мектептер мен балабақшалар маңындағы көше-жол желісіне тексеру жүргізіліп, жаяу жүргіншілер өткелдерінің, жол белгілерінің және жарықтандыру жүйесінің жағдайы қаралады. Оқушылардың «мектеп – үй» бағытындағы қозғалыс маршруттары талданып, қауіпті учаскелер анықталып, оларды қауіпсіздік талаптарына сәйкестендіру шаралары қабылданады.

Сондай-ақ мектеп автобустарының техникалық жағдайы мен балаларды тасымалдау талаптарының сақталуы бақылауда ұсталады. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, буллинг пен бопсалауға қарсы іс-қимыл, оқу орындары маңындағы ықтимал қауіпті жағдайларды анықтау және мектеп әкімшіліктері мен әлеуметтік қызметтермен өзара іс-қимыл тұрақты негізде жүргізіледі. Оқушылар мен ата-аналарға құқықтық сауаттылық бойынша профилактикалық дәрістер өткізіліп, жеке және қоғамдық қауіпсіздік мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Қабылданып жатқан барлық шаралар полицияның тұрақты бақылауында. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмысы жүйелі әрі үздіксіз сипатқа ие. Қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру – полицияның, білім беру ұйымдарының, ата-аналардың және бүкіл қоғамның бірлескен еңбегінің нәтижесі.

Балалардың қауіпсіздігі – ересектердің ортақ жауапкершілігі.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button