Қоғам

Балабақшаға кітап сыйлады

Астанадағы №69 «Еркем-ай» балабақшасында ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы мен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Кітап сыйла – жақсылық жаса» атты іс-шара өтті. Соның барысында ата-аналар 115 кітап сыйлады.

«Кітап – білімнің кілті» деген керемет сөз бар. Бұл туралы балаларға айтып қана қоймай, өзіміз үлгі көрсетуіміз керек. Жалпы кітап құндылығы жөнінде балдырғандардың санасына құю керек. Бұл іс-шара сол мақсатта ұйымдастырылды. Балабақшамызда шағын кітапхананы да аштық. Ата-аналар сыйлаған кітаптармен соның қорын толықтырмақпыз. Бала балабақшадан кітап оқуға құмар болса, ертең ержеткенде еркін, ешкімнің мәжбүрлеуінсіз оқитын болады. Бүгінде балалар компьютер мен телефонға байланғаны жасырын емес. Бұдан денсаулыққа, балдырғандардың қалыпты дамуына да зиян келіп жатыр. Ал кітаптың көл-көсір пайдасы болмаса, еш зияны жоқ. Кітап тәрбие берумен қатар түрлі идеялардың өрістеуіне жол ашады» деді аталмыш балабақша меңгерушісі Марал Ахметова.

Жуырда бұл балабақша «Әжемнің ертегісі» атты іс-шараны да өткізді. Соның барысында да әжелері балдырғандарға ертегі айтып немесе оқып беріп, кітап оқуға баулыды. Ал «Кітап сыйла – жақсылық жаса» іс-шарасы кезінде әр топтың тәрбиеленушілері өнерлерін көрсетті. Ән салып, би билеп, бұл акцияны мерекеге айналдырды.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button