Мәслихат

Аудит нәтижелерін талқылады

Астана қалалық мәслихатының депутаттары Тексеру комиссияның кезекті отырысына қатысып, мемлекеттік мұқтаждықтар үшін жер учаскелерін алып қою­ға бөлінген қаражат пен активтерді пайдаланудың тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижелерін талқылады.

Аудит 2022-2024 жылдар аралығындағы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы мен «Қалалық жылжымайтын мүлік» кәсіпорнының қызметін қамтыды. Жиында бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау мен орындау, алып қою рәсімдерінің заңдылығы, өтемақыларды уақытылы төлеу, сондай-ақ мемлекеттік ресурстарды тиімді пайдалану мәселелері қаралды. Талқылау қорытындысы бойынша анықталған заң бұзушылықтарды жою және жер учаскелерін алып қою үдерістерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірленді.

 

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button