Елорда тынысы

Астаналық келешек мектебінде “ALAQAN” жүйесі іске қосылды

Астана қаласындағы 113 жалпы орта “Келешек” мектебінде инновациялық биометриялық жүйе іске қосылды. Бұл – оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оқу процесін тиімді ұйымдастыру мақсатында енгізілген жаңа технологияның бір түрі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

“Alaqan” жүйесі мектепке кіру, шығу және асханаға кіруді бақылаудың жаңа тәсілі ретінде құрылды. Бұл жүйе оқушылардың алақандарын сканерлеу арқылы жұмыс істейді. Әр оқушының алақан сипаты арнайы цифрлық жүйеге тіркеледі, және олар мектепке кіріп-шығу кезінде немесе асханаға кіргенде, тек алақандары арқылы ғана тіркеліп өтеді. Бұл әдіс оқушылардың қауіпсіздігін арттырып, мектеп аумағында тәртіпті сақтау үшін маңызды қадам болып табылады.

“Бұл жүйенің артықшылығы – балалардың жеке тұлғасын сақтау. Оқушылардың бет бейнесі түсірілмейді, тек алақан арқылы ғана мектепке кіріп-шыға алады. Бұл әдіс балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және бізге технологияның заманауи талаптарына сай жұмыс істеуге жол ашады-, дейді мектеп директоры Сауле Қайырбекқызы

Айта кетейік, бұл жүйе оқушылардың мектепке кіру уақытын нақты тіркеп, олардың қауіпсіздігін қадағалауға мүмкіндік береді. Ата-аналар жүйе арқылы қашықтықтан оқушылардың мектепке кіріп-шығуын бақылай алады. Оларға оқушылардың қанша уақытта мектептен шыққаны туралы ақпарат ұсынылады, бұл ата-аналардың балаларын бақылап отыруына мүмкіндік береді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button