Ел тынысы

Астанада теннистен Қазақстан жазғы чемпионаты өтеді

21-26 шілде аралығында Астана қаласындағы Beeline Arena теннис орталығында ересектер арасында Қазақстан жазғы чемпионаты өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, алты күнге созылатын додаға тәжірибелі ойыншылармен бірге жастар да қатысады.

ATP әлемдік рейтингісінде 911-орында тұрған 17 жастағы Әмір Омархановқа жанкүйерлердің назары ерекше. Жас теннисшінің халықаралық жарыстарда сәтті өнер көрсетіп келе жатқаны белгілі.

Қатысушылар арасында Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Жібек Құламбаева (№300 WTA), сондай-ақ кейінгі кезде айрықша көзге түсіп жүрген Сандуғаш Кенжебаева (№975 WTA) және Аружан Сағындықова (№1050 WTA) бар.

Ерлер арасында Ә.Омархановтан басқа кәсіби деңгейде тәжірибе жинап үлгерген Григорий Ломакинді (№862 ATP) айтуға болады.

Турнир барысында жаңа есімдердің шығып қалуы да әбден ықтимал.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button