Қоғам

Астанада Отбасы күніне орай «Otbasy Fest» фестивалі өтті

🔹Елордадағы «Жетісу» саябағында Отбасы күніне арналған «Otbasy Fest» ауқымды отбасылық фестиваль ұйымдастырылды. Іс-шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, БҰҰ халықты орналастыру қоры (ЮНФПА), Ұлыбритания Елшілігі, «Senim Qogamy» қоғамдық қоры, сондай-ақ Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтті.

Фестиваль жүздеген отбасын жинап, қонақтарға жарқын мерекелік атмосфера сыйлады. Бағдарлама аясында концерттер, шеберлік сабақтары, интерактивті алаңдар, балаларға арналған спорттық және шығармашылық сайыстар өтті. Сонымен қатар ата-аналарға бала тәрбиесі, репродуктивті денсаулық және әке жауапкершілігі тақырыптары бойынша мамандардың дәрістері мен кеңестері ұсынылды.

ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов құттықтау сөзінде мұндай іс-шаралардың ерекше маңызын атап өтті.
«Фестиваль отбасылық құндылықтарды нығайтуға, жас жұбайларды қолдауға және азаматтарды берік әрі бақытты отбасын құруға ықпал ететін жақсы дәстүрге айналады деп сенеміз», – деді ол.

«Otbasy Fest» отбасы институтын нығайту ісінде мемлекет, халықаралық ұйымдар және азаматтық қоғам арасындағы жемісті ынтымақтастықтың үлгісі болды. Фестиваль қатысушыларға ерекше әсер сыйлап қана қоймай, отбасы бірлігі мен жауапкершілігі секілді құндылықтарды насихаттады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button