Құқық
Астанада интернет-алаяқтықтың алдын алудың жаңа тәсілі іске қосылды

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында қалалық ПД интернет-алаяқтықтың алдын алу шараларын күшейтіп келеді. «Қазақтелекоммен» бірлесіп, 160 және 165 нөмірлері арқылы жұмыс істейтін Call-орталықтарға қоңырау түскен кезде интернет-алаяқтық түрлері туралы аудиоескерту іске қосылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Алаяқтықтан сақтану үшін:
— SMS-кодтарды бөгде адамдарға хабарламаңыз;
— Құқық қорғау органдары атынан жасалатын жалған қоңырауларға сенбеңіз;
— Ақшаны «қауіпсіз» немесе «сақтандыру» шоттарына аудармаңыз — мұндай шоттар жоқ.
Құқыққа қарсы әрекеттерге тап болсаңыз, «102» нөмірі арқылы полицияға дереу хабарласыңыз.



