Құқық

Астанада «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында елордалық полиция қоғамдық көліктерге бақылауды күшейтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Рейдтік іс-шаралар барысында автобустардың техникалық жай-күйі мен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тексерілуде. Сондай-ақ жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауы мен еңбек және демалыс режиміне ерекше назар аударылуда.

Іс-шараның алғашқы тәулігінде жол қозғалысы ережелерін және жолаушылар тасымалдау қағидаларын бұзудың 80-нен астам фактісі анықталды. Анықталған бұзушылықтардың қатарында көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон пайдалану, қауіпсіздік белдігін тақпау, маневр жасау қағидаларын бұзу, күндізгі уақытта жақын жарық шамдарын қоспау, сондай-ақ сақтандыру полисінің болмауы бар.

Мәселен, астаналық компаниялардың бірінің қызметкерлерін тасымалдаған «HYUNDAI» маркалы автобус жүргізушісі тиісті санаттағы көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра көлік басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция жолаушылардың қауіпсіздігі – басты басымдық екенін ескертеді. Жолда қауіпті маневрлерді немесе өзге де қауіп төндіретін жағдайларды байқаған жағдайда азаматтарға 102 нөміріне дереу хабарласу ұсынылады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button